КАЗГЮУ мақсаты

КАЗГЮУ Университетінің миссиясы

Ұлттық патриотизм идеясына берілген және құқықтың, экономика мен ғылымның маңызды бағыттарының дамушы мәселелерін шешуге бағдарланған, таңдау мүмкіндігіне ие, елдің бәсекеге қабілетті гуманитарлық-құқықтық элитасын қалыптастыру.

Университеттің негізгі миссиясы – сапалы және қолжетімді білім беру арқылы адамдарға қызмет ету!

Сапалы білім дегеніміз – халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келетін, қазіргі заманғы еңбек нарығы сұранысына жауап беретін білім.

Білімнің қолжетімділігі дегеніміз – ұсынылатын білім беру қызметінің  шынайы өзіндік құнынан құралатын әділ баға.

КАЗГЮУ Университетінің болашағы

Британдық The Times Higher Education  басылымының  Thomson Reuters-пен бірлескен нұсқасы бойынша әлемнің 100 үздік университеті рейтингісіне (The World University Rankings) кіру арқылы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны мәртебесіне қол жеткізу.

КАЗГЮУ Университетінің құндылықтары

  • Өзара сыйластық
  • Кәсібилік
  • Әділдік
  • Адалдық
  • Эмпатия

КАЗГЮУ Университеті  2020 жылға дейін сегіз стратегиялық мақсат белгіледі

  1. КАЗГЮУ Университетінің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту
  2. Сапалы білімнің халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету
  3. Әлемнің жетекші университеттерімен стратегиялық ынтымақтастық орнатудың ашық алаңына айналу
  4. Қазақстан жастарын рухани және патриоттық дамытудың орталығына айналу
  5. Халықаралық стандарттардың персоналды даярлау мен корпоративтік жетілдіру жүйесін дамыту
  6. КАЗГЮУ Университетінің академиялық беделін нығайту
  7. КАЗГЮУ Университетінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар негізінде дамыту
  8. 2020 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

КАЗГЮУ-дің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

КАЗГЮУ Университеті британдық The Times Higher Education  басылымының  Thomson Reuters-пен бірлескен нұсқасы бойынша әлемнің 100 үздік университеті рейтингісіне (The World University Rankings) енгізілген.

КАЗГЮУ Университеті – Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыруға қатысатын елдің алдыңғы ғылыми-зерттеу алаңы.

КАЗГЮУ Университетінің түлектері – КАЗГЮУ Университетінің академиялық құндылықтарына адал құқықтық және экономикалық ғылымдар саласында үлкен сұранысқа ие және кәсіби білікті мамандар.